top of page

Кітаптар

Мұхтар Әуезов - Абай жолы (1-4том) 
Абайдың жасы 13-ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді. Байтас баланы қуып жетіп: "Енді асықпа, Есенбайдың жырасында ұры жатады" - дейді. Бала шәкірт сөзге қарсы орайын білдірмей, біраз бірге жүреді. Соңсоң тағы шауып кетіп, екі-үш белден көрінбей кетеді. Байтастың мінгені  Құнанбайдың қара жал бұрыл аты. Ал Жұмабайдың астындағы да Құнанбайдың Найманкөк деген үлкен көк ала аты болатын. Олар баланың соңынан жарыса кетті. Бір бел асса бала көрінбейді. Аздап уақыт өткен соң Жұмабай арт жағынан тасырлап келе жатқан ат дүбірін есітті. "Е, бұл Есенбайдың жырасындағы жау болар", - деп ақ-көк атты тепкілей берді. Күндіз шабатын ұры бет-аузын таңып алыпты. Артынан қуып жеткенде Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жібереді. Ақбозат бірдемеге тіреліп тоқтады. Жұмабайдың реңі қашып қара тымағын алса, ол ұры емес, өзі айтқандай "Құнанбайдың бөлтірігі" Абай екен. Байтас пен Абайдың ішек-сілесі қатып күлді. Аз уақыт өткен соң Абай Жұмабайдан орынсыз ісі үшін кешірім сұрады.
Фариза Оңғарсынова - өлеңдер жинағы

Өлеңдер 
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

 

Даниэль Дефо Робинзон Крузо

 

Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінің бүкіл жүріп өткен жолын қайта өткеріп, өз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп береді. Адамның ақыл-парасаты мен ерік-жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының әдеби-көркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып салады.

 

Мұқағали Мақатаев - өлеңдер жинағы

 

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектептеріміз бен Ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

© Кітаптар әлемі
bottom of page