top of page

Кітаптар

Шыңғыс Айтматов - Ғасырдан да ұзақ күн 
«Боранды бекетте» тіршілігі қызу қайнап жатқан әлдебір бірнеше кеңістіктер бар сияқтанады: Боранды бекеті, Сарыөзек, ел, Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ғарыш. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің образы туады. Едіге Жангелдин – қырық жыл бойына Сарыөзек тысына шығып көрмеген, соғыстың бар азабы мен қазасын көрген қарапайым темір жол жұмысшысы. Айтматов ХХ ғасырдағы адамзат басына түскен барлық ауыртпалықты, қайғы-қасіретті осы Едігенің бойына жинақтап береді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - Қамар сұлу (роман)

“Қамар сұлу” романы – С.Торайғыров шығармашылығының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Онда қаламгердің қазақ қоғамы алдындағы кеселдерді әшкерелеумен қатар, оны жан-жақты бейнелеуге күш салғаны аңғарылады. Осы үшін ол жаңа формаға, күрделі жанрға барады.“Қамар сұлу” С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Оның поэмалары кейін жазылған. Сондықтан да күрделі жаңа жанрдағы бұл романның қаламгер шығармашылығындағы алатын орны да ерекше. Романнан С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары айқын көрінеді.

 

Бауыржан Момышұлы - Қанмен жазылған кітап. (Соғыс психологиясы)

 

Бұл әдеби мұра өзінің мазмұны мен сипаты, қозғалған мәселелерінің ауқымы жағынан аса бай, ол ұрыс тәжірибелерінің қорытындыларына, қолбасшының жеке бақылаулары мен зерттеу-пайымдауларына негізделінгендіктен де майдан тынысына, Панфилов дивизиясының майдандағы шешуші ұрыс қимылдарына, жауынгерлердің психологиясына терең бойлап, тың тұжырымды пайымдауларымен ерекшеленіп тұрады. Хас батырдың жауынгерлерге, майдандас достарына берген сипаттама, мінездемелері адамның көкірегінде терең із қалдырады.

 

Кийосаки РобертБогатый папа, бедный папа

 

Нет, здесь вы не найдете рецепта, как варить кашу из топора, а вернее, как сделать из воздуха миллион. Здесь вы не найдете рецепта, как разбогатеть, не выходя из квартиры. Откровенно говоря, вы вообще ничего не найдете, если вас интересует ответ на вопрос, как стать богатым. Но здесь есть гораздо больше. Реальный пример из жизни, который должен заразить вас желанием меняться и работать над собой, а не ждать, что вы найдете чемодан, набитый стодолларовыми банкнотами… Пример, который даст вам понять, что нужно осознать, чтобы перестать зависеть от денег, чтобы научиться доверять себе и не бояться рисковать.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

© Кітаптар әлемі
bottom of page